Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 23.01.2018

Алматы қаласында журналистер арасында денсаулық сақтау жүйесі қызметін үздік жариялау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі қалалық конкурстың қорытындыларын шығару туралы

ресми ақпарат 

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы қаланың Клиникалар қауымдастығымен бірлесе отырып, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша ақпараттық және түсіндірмелі жұмыс жүргізу үшін, журналистер арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі номинациялар бойынша конкурс жариялады:

1. Үздік репортаж

2. Лучший репортаж

3. Үздік теледидарлық бағдарлама

4. Лучшая телевизионная программа

5. Барынша белсенді ақпараттық агенттік

6. Наиболее активное информационное агентство

7. Үздік басылымдық БАҚ мақала

8. Лучшая статья в печатных СМИ

9. Үздік радиодағы ақпараттық лента

10. Лучшая новостная лента на радио

11. Үздік әлеуметтік желідегі басылым

12. Лучшая публикация в социальной сети

Конкурсқа материалдарды ұсыну тәртібіне және конкурстық жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес, қажетті материалдардың толық көлемі ұсынылмады, осыған байланысты конкурс өткізілмеді деп танылды және 2018 жылға ауыстырылды. Алматы қаласында журналистер арасында денсаулық сақтау жүйесі қызметін үздік жариялау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі қалалық конкурстың қорытындыларын шығарудың нақты күні қосымша хабарланады.

Конкурс туралы қосымша ақпаратпен Сіз www.almatyzdrav.kzДенсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында таныса аласыз. 

 

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы


 

«КЕЛІСІЛДІ»

Алматы қаласы

Клиникалар қауымдастығы

 «___»__________2017 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Алматы қаласы

Денсаулық сақтау басқармасы

«___»__________2017 жыл

 

 

Журналистер арасында денсаулық сақтау жүйесі

қызметін үздік жарықтандыру және

Алматы қаласында міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыруды енгізу бойынша қалалық конкурсын өткізу туралы

 ЕРЕЖЕ

 

Алматы қаласы, 2017 ж.

 

Терминдер және қысқартулар

 

ДСБ

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Конкурс

Журналистер арасында қаладағы денсаулық сақтау жүйесі қызметін үздік жарықтандыру: ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қалалық конкурсы

Ереже

Журналистер арасында денсаулық сақтау жүйесі қызметін үздік жарықтандыру: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қалалық конкурсын өткізу туралы ереже

Қазылар алқасы

Тәуелсіз сарапшылар комиссиясы

БАҚ

Бұқаралық ақпарат құралдары

Конкурстық жұмыстар

Ереже талаптарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін ұсынылған журналистердің жұмыстары

Қатысушылар

Жеке тұлғалар (республикалық баспа басылымдардың, теле - және радио компаниялардың, ақпараттық агенттіктердің штаттық және штаттан тыс тілшілері), конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін БАҚ-та туындайтын және жарияланатын материалдар

Номинанттар

Конкурсқа қатысушылар, конкурстың талаптарына сәйкес келетін конкурстық жұмыстар

Конкурс жеңімпаздары

Конкурстың қазылар алқасының шешімімен келісілген Номинанттар ішіндегі үздік конкурстық жұмыстардың авторлары

 

 

1. Жалпы ереже

 

1.1.  Осы ереже конкурсты іске асыру тетігі мен шарттарын айқындайды.

1.2. Конкурсқа қатысатын жұмыстарын іріктеуді Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитеті:

-        барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауды;

-        конкурсты өткізу ашықтығын;

-        конкурстың Қазылар алқасын құруды;

-        объективті шешімдер қабылдау мақсатында конкурстың Қазылар алқасы үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

1.3.     Конкурс жеңімпаздары осы Ережеге сәйкес қалыптастырылатын Қазылар алқасы мүшелерінің құрамына сәйкес анықталады.

1.4.     Конкурс туралы ереже және конкурсқа қатысы бар өзге де құжаттар Денсаулық сақтау басқармасының – www.almatyzdrav.kz, Алматы қаласы клиникалар қауымдастығының – www.almatymed.kz сайттарында орналастырылады.

 

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1.  Конкурстың негізгі мақсаты:

-        МӘМС енгізудің негізгі артықшылықтары туралы ҚР халқына ақпарат беруді арттыру;

-        Қоғамда МӘМС жүйесі туралы оң пікірді қалыптастыру.

2.2.  Конкурстың негізгі міндеттері:

-        Журналистердің МӘМС енгізу туралы жарияланған материалдарын қолдау;

-        Республиканың журналистері арасында шығармашылық белсенділікті, кәсіби ынтымақтастықты және шығармашылық бәсекелестікті ынталандыру;

-        БАҚ-тағы МӘМС енгізу мәселелерін нақты жарықтандыруға бағытталған материалдардың шығуы. 

 

3. Конкурсқа қатысу

3.1.  Жұмыстың авторлары конкурсқа жұмыстарын ұсынуға құқылы.

3.2. Конкурсқа 2017 жылғы 01 шілдеден бастап 01 желтоқсанға дейін қоса алғанда БАҚ-та басылып жарияланған немесе телеарналар эфирлеріне немесе радиостанцияларға шығарылатын интернет-ресурстарға жарияланған конкурстық жұмыстар жіберіледі.

3.4.            Ұсынылған конкурстық жұмыстар МӘМС енгізу мәселелеріне қоғамдық қызығушылықты арттыруға ықпал ететін мәлімделген тақырыптарға сәйкес, жоғары кәсіби деңгейде орындалуы тиіс.

3.5.            Конкурсқа қатысуға:

-        ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының талаптарына, Журналистердің мінез-құлқы қағидаттарының декларациясына және Қазақстан журналистерінің кәсіби этика кодексіне сәйкес келмейтін;

-        жарнамалық материалдар;

-        қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның абыройы мен намысына кір келтіретін;

-        ақпараты шындыққа сай келмейтін материалдар жіберілмейді.

 

4. Конкурсқа материалдарды ұсыну тәртібі

4.1. «БАҚ, конкурстық жұмыстар» деген конкурстық жұмыстарды 2017 жылғы 01 қыркүйектен бастап 05 желтоқсанға дейін, Алматы қаласы, Жандосов к-сі, 6үй, Манас көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы ғимараты, 102 кабинетте конкурсты Ұйымдастырушы комитеті қабылдайды.  

4.2.  Конкурсқа қатысу үшін құжаттар пакеті мыналарды қамтуы тиіс:

-        Қатысуға өтінім (еркін нысанда);

-        Автор туралы қысқаша түсіндірме жазба (БАҚ, байланыс деректері міндетті түрде көрсете отырып);

-        Конкурстық жұмыстар.

 5. Конкурстық жұмысқа қойылатын талаптар

5.1.  Конкурстық жұмыстар келесі түрде ұсынылуға тиіс:

-        дискілер, DVD форматта және ресми эфирлік анықтамамен қоса берілетін – бейнесюжеттер (бағдарламалар, арнайы репортаждар, жаңалықтық сюжеттер);

-        дискілер, СD форматта және ресми эфирлік анықтамамен қоса берілетін – радиосюжеттер (бағдарламалар, арнайы репортаждар);

-        түпнұсқадағы баспалық БАҚ материалдары (мақалалар, талдамалық жарияланымдар);

-        БАҚ интернет-ресурстарында жарияланатын сілтемелер (мақалалар, талдамалық жарияланымдар);

-        PDF және DVD форматта электрондық нұсқа түріндегі Интернетте жарияланған және басып шығарылған материалдарды орналастыру мекен-жайын сілтеме жасау – ақпараттық агенттіктердегі материалдар;

-        әлеуметтік желілер мен блог-платформалардағы блогерлердің ең көп қарау саны бар және пайдаланушыларды қамтыған талдамалық жарияланымдарына сілтемелер;

5.2.            Бейнесінде немесе дыбысында жарамсыздығы бар конкурстық жұмыстар конкурсқа жіберілмейді.

5.3.            Конкурсқа қатысушы бірнеше жұмысын қарауға бере алады.

5.4.            Кокурсты ұйымдастырушы комитеті конкурсқа арналған баспа және электрондық өнімде шығарылған конкурстық жұмысты жариялау құқығына ие.

5.5.            Конкурстық жұмыстардың тілі – мемлекеттік, орыс тілі.

 

6. Конкурстық іріктеу белгілері

 6.1.  Конкурстық жұмыстар келесі белгілері бойынша бағаланады:

-      МӘМС өзектілігін түсіндіруімен кеңейтілген материалдардың ең көп саны;

-      материалдың нақтылығы және дәйектілігі;

-      тақырыпты толық ашу;

-      ұсынылатын ақпараттың жаңалығы және өзектілігі;

-      автордың шығармашылық көзқарасы, материалды беру ерекшелігі;

-      конкурс тақырыбын жүйелі және тұрақты етіп жариялау;

-      конкурстың тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне материалдың сәйкес болуы.

7. Конкурстың номинациялары

7.1.  Конкурстың жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде айқындалады:

1. Үздік репортаж

2. Лучший репортаж

3. Үздік теледидарлық бағдарлама

4. Лучшая телевизионная программа

5. Барынша белсенді ақпараттық агенттік

6. Наиболее активное информационное агентство

7. Үздік басылымдық БАҚ мақала

8. Лучшая статья в печатных СМИ

9. Үздік радиодағы ақпараттық лента

10. Лучшая новостная лента на радио

11. Үздік әлеуметтік желідегі басылым

12. Лучшая публикация в социальной сети

 

  8. Конкурстың қазылар алқасы

 8.1.  Конкурстың қазылар алқасы кемінде 3 (үш) және 9-дан (тоғыз) аспайтын мүшелерден тұрады, төраға басқаратын қазылар алқасының жұп сандық мүшелері жіберілмейді.  

8.2. Конкурстың жеңімпаздары туралы Қазылар алқасының шешімі ашық дауыспен, Қазылар алқасы мүшелерінің отырысында қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады және Хаттамамен ресімделеді.

8.3.  Конкурс жеңімпаздарын анықтау Қазылар алқасының шешімі негізінде жүргізіледі.

 

9. Конкурсты дайындау және өткізу тәртібі

 9.1.  Конкурс 2017 жылғы 01 шілдеден бастап 01 желтоқсанға дейін жүргізіледі. 9.2. Конкурсқа Қазақстан Республикасында тіркелген барлық БАҚ өкілдері қатыса алады.

9.3.            Қазылар алқасы көрсетілген конкурстың номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

1)                Конкурстың ресми қорытындылары 2017 жылғы 10 желтоқсанға дейін Денсаулық сақтау басқармасының – www.almatyzdrav.kz, Алматы қаласы клиникалар қауымдастығының – www.almatymed.kz сайттарында арнайы ақпарат түрінде орналастырылады.

9.4.            Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде 2017 жылғы 15 желтоқсанға дейін өткізіледі.

 

10.     Конкурстың жүлде қоры

10.1. Конкурстың жалпы жүлде қоры Алматы қаласы клиникалары қауымдастығы 3 000 000 теңге мөлшерінде құрады.

10.2. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес көрсетілген номинациялар бойынша, БАҚ-қа ақпарат беру форматы бойынша дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілетін Жеңімпаздар анықталады. 

 


БАҚ аты

Тақырыптар

Сілтемелер

Уақыт

Телеканалдар

1.

ТК «Алматы»

Елімізде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі енгізілмек, Алматы қаласы медицина қауымымен кездесу барысы

http://www.almaty.tv/kz/news/news/deputaty-madgilisa-rasskazali-almatinskim-vracham-ob-obyazatelnom-meditsinskom-strakhovanii

07.02.2017ж.

2.

ТК «Алматы»

Алматы «Саламатты Қазақстан» жобасына қосылды

http://www.almaty.tv/kz/news/news/akim-almaty-provel-rabochuyu-vstrechu-s-predstavitelem-voz

22.06.2017ж.

3.

ТК «Алматы»

В рамках медстрахования лечение одного безработного обойдется казне в 16 тысяч тенге

http://almaty.tv/news/news/v-ramkakh-medstrakhovaniya-lechenie-odnogo-bezrabotnogo-oboydetsya-kazne-v-16-tysyach-tenge

25.08.2017г.

Радио

4.

kazradio.kaztrk.kz

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың маңыздылығы

http://kazradio.kaztrk.kz/kz/archive/programs/almaty-studiasy/birinshi-bailyk/573645

15.05.2017г.

5.

kazradio.kaztrk.kz

Қазақстанда міндетті әлеуметтік мемлекеттік сақтандыруды енгізу – елдегі әлеуметтік саламаттылықтың стратегиялық басымдылығы

http://kazradio.kaztrk.kz/kz/archive/programs/almaty-studiasy/birinshi-bailyk/575884

22.05.2017г.

6.

kazradio.kaztrk.kz

«БІРІНШІ БАЙЛЫҚ». Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жарна төлеуге кімдер міндетті саналады?

http://kazradio.kaztrk.kz/kz/archive/programs/almaty-studiasy/birinshi-bailyk/635920

02.10.2017г.

Газет, журналдар

7.

Алматы ақшамы

Дәрігерлерге серпіліс береді

http://almaty-akshamy.kz/2017/02/14/дәрігерлерге-серпіліс-береді/

14.02.2017ж.

8.

Алматы ақшамы

Былтыр халыққа 6 808 257 мемлекеттік қызмет көрсетілді, МӘМС енгізу мәселесін талқылау

http://almaty-akshamy.kz/2017/03/17/былтыр-халыққа-6-808-257-мемлекеттік-қызмет-к/

17.03.2017ж.

9.

Алматы ақшамы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін талқыланды

http://almaty-akshamy.kz/2017/03/30/міндетті-әлеуметтік-медициналық-сақ/

30.03.2017ж.

10.

Алматы ақшамы

«Мейіргер деген сөз жылы естіледі»

http://almaty-akshamy.kz/2017/05/10/мейіргер-деген-сөз-жылы-естіледі/

10.05.2017ж.

11.

Алматы ақшамы

Алмалыда тұратын өнер адамдары №5 емхананы таңдады

http://almaty-akshamy.kz/2017/05/14/алмалыда-тұратын-өнер-адамдары-№5-емх/

14.05.2017ж.

12.

Алматы ақшамы

Сіз емханаңызды таңдап, өз мәртебеңізді анықтадыңыз ба?

http://almaty-akshamy.kz/2017/05/14/алмалыда-тұратын-өнер-адамдары-№5-емх/

14.05.2017ж.

13.

Алматы ақшамы

Балаларымыз үшін алаңдаймыз

http://almaty-akshamy.kz/2017/05/14/алмалыда-тұратын-өнер-адамдары-№5-емх/

14.05.2017ж.

14.

Алматы ақшамы

457 мың адамның әлеуметтік санаты анықталды

http://almaty-akshamy.kz/2017/05/14/457мың-адамның-әлеуметтік-санаты-анықт/

14.05.2017ж.

15.

Алматы ақшамы

МӘМСЖ: шілдеден бастап жарна төлеу басталады

http://almaty-akshamy.kz/2017/06/13/мәмсж-шілдеден-бастап-жарна-төлеу-бас/

13.06.2017ж.

16.

Алматы ақшамы

«Әрбір үшінші шетелдік алматыда емделгісі келеді»

http://almaty-akshamy.kz/2017/06/15/әрбір-үшінші-шетелдік-алматыда-емде/

15.06.2017ж.

17.

Алматы ақшамы

Салауатты алматы – салауатты алматылықтар

http://almaty-akshamy.kz/2017/06/18/салауатты-алматы-салауатты-алматыл/

18.06.2017ж.

18.

Алматы ақшамы

«Думанның» сәулесі

http://almaty-akshamy.kz/2017/06/18/думанның-сәулесі/

18.06.2017ж.

19.

Алматы ақшамы

«Ақжардың» ақ желеңді абзал жандары

http://almaty-akshamy.kz/2017/06/20/ақжардың-ақ-желеңді-абзал-жандары/

20.06.2017ж.

20.

Алматы ақшамы

МӘМС бойынша жарна төлеу қарқыны жаман емес

http://almaty-akshamy.kz/2017/08/04/мәмс-бойынша-жарна-төлеу-қарқыны-жама/

04.08.2017ж.

21.

Алматы ақшамы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мән -жайын мамандар айтады

http://almaty-akshamy.kz/2017/08/10/міндетті-әлеуметтік-медициналық-сақ-2/

10.08.2017ж.

Ақпараттық порталдар

22.

total.kz

Как рожать по новым правилам в Казахстане

https://total.kz/ru/news/zhizn/kak_rozhat_po_novim_pravilam_v_kazahstane_date_2017_07_21_14_34_39

21.07.2017г.

23.

total.kz

Чего ждать от внедрения ОСМС в Казахстане?

https://total.kz/ru/news/zhizn/chego_zhdat_ot_vnedreniya_osms_v_kazahstane

01.07.2017г.